Түс

Бұл бетте «Түс» атты Жангелді Немеребай жазған өлеңнің мәтіні берілген. Өлең тексті, өлең жолдары және толық нұсқасы осы жерде жарияланған.

  • 27.04.2020
  • 0
  • 0
  • 991
Түсіме енді керім қыз ерке,
Кейіпкеріндей «мың бір түн».
Қуанышпенен оянып ерте,
Көңілдің сырдым мұң бұлтын.

Бұл көрген түсім өңімдегідей,
Сәл бірақ одан көңілді.
Тамаша бәрі өмірдегідей,
Шынайы болып көрінді.

Көктемнің салқын көрік таңында,
Жанартау болдым жалынды от.
Ешкімге айтып, жорытпадым да,
Өзіме ғана мәлім боп.

Үзілген түсті жалғастырса ғой,
Жұмбақтың көбін шешетін.
Өң менен түсті алмастырса ғой,
Бақытты-ақ едім кеше түн…


Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Жиі қойылатын сұрақтар

Түс өлеңінің авторы кім?

Жангелді Немеребай — осы өлеңнің авторы.

Түс өлеңінің толық мәтінін қайдан оқуға болады?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтінін және текст нұсқасын онлайн оқуға болады.

Түс өлеңі не туралы?

Бұл өлеңде Жангелді Немеребай өз ойы мен сезімін көркем түрде жеткізеді.

Түс өлеңінен үзінді бар ма?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтіні, шумақтары және өлең жолдары ұсынылған.

Осы автордың басқа өлеңдері