Нұрланып биыл да көк пен жер

Бұл бетте «Нұрланып биыл да көк пен жер» атты Жангелді Немеребай жазған өлеңнің мәтіні берілген. Өлең тексті, өлең жолдары және толық нұсқасы осы жерде жарияланған.

  • 27.04.2020
  • 0
  • 0
  • 2222
Нұрланып биыл да көк пен жер,
Бүр жарып, жайқалып көк белдер.
Келгенмен сағынтқан, аңсатқан бұл Наурыз ,
күтпеген дәл мұндай, көңілсіз көктемді ел.

Далада біртүрлі бұлқыныс,
қалада мың түрлі құлшыныс.
Бекеттер бекінген,
базарлар тым-тырыс.

Хошы жоқ тірлікте күйбелең,
адамдар көңілсіз күйменен.
Олардың санасын күні, түн,
үрей бар билеген.

Үндеу мен дабылдан,
қақпалар, есіктер жабылған.
Жиналмай жұмаға жамағат,
Мешітке адам жоқ ағылған.

Көктемнің көңілді жыры жоқ,
кептердің шерулі үні жоқ.
Құс келер уақытта,
сұс келді тілі жоқ.

Әлемді шарпыған "қара дақ"
бар елді жүргенін аралап,
желіден бір шығып, кіргенше,
жаршылар жазуда жаңалап.

Заманға тыныштық,
адамға құт тілеп,
арылды дей-тұғын індет пен жұт ,түнек.
Шатты күн туса екен сүйінші сұрайтын,
«Ең соңғы дертті жан жазылып шықты», – деп...


Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Жиі қойылатын сұрақтар

Нұрланып биыл да көк пен жер өлеңінің авторы кім?

Жангелді Немеребай — осы өлеңнің авторы.

Нұрланып биыл да көк пен жер өлеңінің толық мәтінін қайдан оқуға болады?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтінін және текст нұсқасын онлайн оқуға болады.

Нұрланып биыл да көк пен жер өлеңі не туралы?

Бұл өлеңде Жангелді Немеребай өз ойы мен сезімін көркем түрде жеткізеді.

Нұрланып биыл да көк пен жер өлеңінен үзінді бар ма?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтіні, шумақтары және өлең жолдары ұсынылған.

Осы автордың басқа өлеңдері