Бақытсыз да болмадым,бақытты да

Бұл бетте «Бақытсыз да болмадым,бақытты да» атты Жангелді Немеребай жазған бақыт туралы өлең берілген. Өлең мәтіні, текст, өлең жолдары және толық нұсқасын осы жерден оқуға болады.

  • 27.04.2020
  • 0
  • 0
  • 2516
Тағдырымды алмадым сатып, құрап,
Ешкімге де бармадым жақұт сұрап.
Бақытсыз да болмадым,бақытты да,
Тек өзімді сезіндім бақыттырақ.

Өміріңді өрнектеп сәндесе де,
Арман-ойлар адамда бар нешеме.
Кең дүниеге кездер бар сыймай кеткен,
Сыйып жүріп тар бөлме, тар көшеге.

Шын сүйесің бір жанды сағынасың,
Қуанасың, сол үшін жабығасың.
Өзге әлемге соны аңсап сапар шегіп,
Бір жоғалып қайтадан табыласың.

Бағаламай гүл атқан көктеміңді,
Мекен еткің келеді көкте күнді.
Шың биікке шығам деп байқамайсың,
Шын өмірден алыстап кеткеніңді…


Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Жиі қойылатын сұрақтар

Бақытсыз да болмадым,бақытты да өлеңінің авторы кім?

Жангелді Немеребай — осы өлеңнің авторы.

Бақытсыз да болмадым,бақытты да өлеңінің толық мәтінін қайдан оқуға болады?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтінін және текст нұсқасын онлайн оқуға болады.

Бақытсыз да болмадым,бақытты да өлеңі не туралы?

Бұл шығарма бақыт туралы өлең ретінде танымал. Өлеңде автор өз ойын көркем түрде жеткізеді.

Бақытсыз да болмадым,бақытты да өлеңінен үзінді бар ма?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтіні, шумақтары және өлең жолдары ұсынылған.

Осы автордың басқа өлеңдері