Өнердің қырандары – Меруерт Тінейбай

Бұл бетте «Өнердің қырандары» атты Меруерт Тінейбай жазған өлеңнің мәтіні берілген. Өлең тексті, өлең жолдары және толық нұсқасы осы жерде жарияланған.

Ағаларым,өнердің өрендері,
Шабыттың шамшырағы,дүлдүлдері,
"Өлең" деген киелі өнерімнің
Қолдайтын көп болсыншы тыңдарманы.

Ақылды ой,алғыр сөзді сойыл еткен,
Шындықты бетке айтып тамшылатқан.
Өлеңнен өрнек құрып шымырлатқан,
Тамсантып тыңдарманын қайталатқан.

Шабытының "пырағын" ерттеп мінген,
Шашасына ешқашан шаң жұқпаған.
Алдаспандай жарқ етсе жыр төрінде,
Жүлденің бас бәйгесін иеленген.

Біздің елде өсіп келеді жас құрақ,
Әділ менен Серікке ұқсап бой түзер.
"Өнер" атты айдынында шарқ ұрар,
Алып қалмақ,бар байлығын,еншісін.

Нөсер жырдан жыр жиһазын теремін,
Күмбірлесін,кеулемдегі өлең-жыр.
Жұлдыздай боп ең бірінші келіңіз,
"Жыр додасы" атты үлкен көмбеден!


Пікірлер (8)

мерей

ұйқаспайды

Айгерім

Өте керемет ұйқаспаса да, мағынасы керемет, тек алға!

Арын

ұйқасып, ұйқаспайтынын шешетін сен ақын бедің?

Ақмарал

Серік Сейтман деген ағай емес па мынау иа?

Жақсыбек

өте керемет қарындасым өнерің өрге жүзсін

Айнұр

Серік Сейтмандай керемет ақын болатын қыз ғой. Жарайсың.

Ахылбек

Тамаша. Өнеріңізді тоқтатып қоймай, әрі қарай өрлетіңіз!

Пікір қалдырыңыз

Жиі қойылатын сұрақтар

Өнердің қырандары өлеңінің авторы кім?

Меруерт Тінейбай — осы өлеңнің авторы.

Өнердің қырандары өлеңінің толық мәтінін қайдан оқуға болады?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтінін және текст нұсқасын онлайн оқуға болады.

Өнердің қырандары өлеңі не туралы?

Бұл өлеңде Меруерт Тінейбай өз ойы мен сезімін көркем түрде жеткізеді.

Өнердің қырандары өлеңінен үзінді бар ма?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтіні, шумақтары және өлең жолдары ұсынылған.

Осы автордың басқа өлеңдері