Іздемейсің, біздер сірə, бөтенбіз? –
Толқын Қабылша
Бұл бетте «Іздемейсің, біздер сірə, бөтенбіз?» атты Толқын Қабылша жазған өлеңнің мәтіні толық жарияланған.
Іздемейсің, біздер сірə, бөтенбіз?
Бəлкім, бəлкім,
Болдық іңкəр бекер біз?
Жапырағы желмен ұшып жоғалған,
Қайда барып,
паналайды екен күз?
Сол күз ғайып,
Біздің жаққа қыс келді.
Мен ұмыттым,
өзің жайлы түстерді.
Қанатымен қиқу қағып аспанда,
Сонау көктен танытады құс белгі.
Сонау көктен сыбырлайды таныс үн.
Іздемейді ол,
сендік сезім бəрі сын.
Жақының да,
жалғызың да емес ол,
Бəлкім, бəлкім, ең аяулы танысың?
Күрсініс пе,
Қимастық па қол бұлғап,
Қарды құшып, күмілжиді біздің бақ.
«Көктем əлі бір келер»,- деп мен жүрмін,
Қайда жүрсіз,
мен ұнатқан күзді ұрлап?!
- Серік Қирабаев
- Мұхтар Әуезов
- Міржақып Дулатұлы
- Сәкен Сейфуллин
Барлық авторлар
Ілмек бойынша іздеу
Мақал-мәтелдер
Қазақша есімдердің тізімі