Сен сүйетін көктемімнің көзінен
Бұл бетте «Сен сүйетін көктемімнің көзінен» атты Толқын Қабылша жазған өлеңнің мәтіні толық жарияланған.
Сен сүйетін көктемімнің көзінен,
Мөлтілдетіп тамшы мұң.
Тайқымаған тағдырымның тезінен,
Тағы бір сыр аршыдым.
Сен баспаған көшелерді кездім де,
Жоқ іздерден жаңылдым.
Жылап тұрып,
Сені ойладым сездің бе?
Қолын бұлғап тағы мұң.
Сен құшпаған қиялымның әрбірін,
Құла дүзге лақтырып,
Сағыныштың сарқып іштім әр күнін,
Тамағыма тас тұнып.
Сен ұнатқан болмысымның бағамын,
Жатырқадым сосын мен.
Өзгеге емес,
Өзіме айып тағамын.
Сәттер осы, безінген
Солай…
- Шаңлатбай Айдана
- Лев Шестов
- Лев Шестов
- Лев Шестов
Барлық авторлар
Ілмек бойынша іздеу
Мақал-мәтелдер
Қазақша есімдердің тізімі