Мұншама ауыр болар ма еді күзгі өлең?
Бұл бетте «Мұншама ауыр болар ма еді күзгі өлең?» атты Толқын Қабылша жазған поэзия туралы өлең берілген.
Мұншама ауыр болар ма еді күзгі өлең?
Көңіл мынау,
бір үмітті үзбеген.
Сәттер ғайып біз деген.
Жүрегімді жұбата алмай отырмын.
Ғұмыр бойы.
Бір бақытты іздеген.
Алып ұшып,
айта алмаған сыр маған
Күндер өтті,шаттығымды ұрлаған
Жолдар қалды бұрмалаң
Шарасыздың күлкісімен жымиған,
Ғұмыр қалай,шырғалаң?
Жалғандықтың әлегіне сенбеген
Жазмышының әміріне көнбеген.
Сан суықта өлмеген
Жүрегімде бір гүлім бар,
қайтейін…
Мейірімге шөлдеген.
Өмір,бәлкім,бәзбіреуге шын сынақ.
Өзекте жыр,
көзімде мұң тұнжырап.
Көңіл қалай тыншымақ?
Қарашықта сол баяғы сағыныш.
Жүрегімде сол сұрақ.
- Бенедикт Спиноза
- Ясунари Кавабата
- Мұстафа Шоқай
- Абай Құнанбайұлы
Барлық авторлар
Ілмек бойынша іздеу
Мақал-мәтелдер
Қазақша есімдердің тізімі