Біз екеуміз ойда жоқта кезіктік
Бұл бетте «Біз екеуміз ойда жоқта кезіктік» атты Толқын Қабылша жазған өлеңнің мәтіні толық жарияланған.
Біз екеуміз ойда жоқта кезіктік,
Тағдыр ма екен?
ұқпадым.
Жан едім мен - жүрегі шер,
Дерті — өлең.
Жанардағы шық та — Мұң.
Өмір бәлкім, ұғынғанға- үндестік?
Қарашықта күн күлді.
Жалғыз сөзсіз,
Жанармен- ақ тілдестік.
Үнсіздікте үміт барын кім білді?
Сан ғасырлық сағыныштан өлмеген,
Жүректегі жауқазынды ұсындым,
Аңызақ жел аптабында шөлдеген,
Жазмышыңның жұмбағы бар,
түсіндім…
Неге керек,
әлдене деп ақталу,
Тағдырға айту көп нала.
Мүмкін бе өзі?
Мына өмірден бақ табу,
Үзілмеген үміт болшы тек қана!
- Рымғали Нұрғалиев
- Серік Қирабаев
- Мұхтар Әуезов
- Міржақып Дулатұлы
Барлық авторлар
Ілмек бойынша іздеу
Мақал-мәтелдер
Қазақша есімдердің тізімі