Асыл – Ажар туған күн

Бұл бетте «Асыл – Ажар туған күн» атты Жүрсін Ерман жазған өлеңнің мәтіні берілген. Өлең тексті, өлең жолдары және толық нұсқасы осы жерде жарияланған.

  • 29.04.2020
  • 0
  • 0
  • 2500
Жүр-ау деп қыр астында тосып ажал
Сен енді еш қорықпа, шошыма, жар.
Өзіңді апарады алыстарға
Аузыңнан түсе салған Асыл-Ажар.

Өзің ғой жарқылдаған жанар, түрі,
Өзіңнен кемісі жоқ, жоқ артығы.
Осылай ала берсе тәрбиеңді
Екінші Бақытжамал болар түбі.

Қадамын қапысыз ғып санап басқан
Барлығын аңғаратын қабақ-қастан.
Қайткенде ұқсаймын деп ұлы анама
Сәтімен инеңді де сабақтасқан.

Тезірек оралсын деп қосына аман
Ол біздің бәрімізді тосып алаң.
Қасиет-қадіріңді кие тұтып
Басады орыныңды осы балаң.

Оянсаң ортасында кейде түннің
Қайтқаны қайырымен бейнетіңнің
Бейнесі сол болар ма бізге жеткен
Ақбала, Ханымбике, Зейнекүлдің!

Екеуміз ескі қоныс, еңістеміз
Ұрпақты шығарармыз өріске біз.
Жүрер-ау шыр айналып қасымызда
Жебеуші ақ қанатты періштеміз.

Айналған қасында әлі шыркөбелек,
Ол саған пәруана бір көбелек.
Сен менсіз қалған күні үміттенем
Сол ғана көз жасыңды сүрте ме деп.


Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Жиі қойылатын сұрақтар

Асыл – Ажар туған күн өлеңінің авторы кім?

Жүрсін Ерман — осы өлеңнің авторы.

Асыл – Ажар туған күн өлеңінің толық мәтінін қайдан оқуға болады?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтінін және текст нұсқасын онлайн оқуға болады.

Асыл – Ажар туған күн өлеңі не туралы?

Бұл өлеңде Жүрсін Ерман өз ойы мен сезімін көркем түрде жеткізеді.

Асыл – Ажар туған күн өлеңінен үзінді бар ма?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтіні, шумақтары және өлең жолдары ұсынылған.

Осы автордың басқа өлеңдері