Жынды қылған бұл өлең – Әбілда Аймақ

Бұл бетте «Жынды қылған бұл өлең» атты Әбілда Аймақ жазған поэзия туралы өлең берілген.

  • 15.04.2021
  • 0
  • 0
  • 812
Жынды қылған бұл өлең
Төгіліп кетсе қайтеді.
Кеуде тұсым қақырап
Сөгіліп кетсе қайтеді.
Толып қалған ішім де
Жарылып кетсе қайтеді,
Сөздеріме айналам
Табынып кетсе қайтеді?
Түк қалдырмай жүректің
Қырындысын қаспағын.
Датымды айтып Аллаға,
Жеткізіп жатса қасқа мұң.
Қазынасын кеуілдің
Қаза алмай-ақ қор болдым.
Тілімдегі сөзімді
Жаза алмай-ақ қор болдым.
Кім қызығар түріме
Осы менің тұрысым.
Жаза алмасаң дертіңді
Көрген күнің құрысын!
Тентек еткен бұл өлең
Төгіліп кетсе қайтеді,
Кеуде тұсым қақырап
Сөгіліп кетсе қайтеді?


Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Осы автордың басқа өлеңдері