Жан аға – Сәкен Иманасов

Бұл бетте «Жан аға» атты Сәкен Иманасов жазған өлеңнің мәтіні толық жарияланған.

Қазақтың даласынан,
Күн болып көтерілген.
Алаштың арасынан,
Арманға жете білген.

Қайырмасы:
Сен едің жан аға,
Нұр құйып санаға.
Құлаштай тартып ең,
Алып бір жағаға.
Көп еді арманың,
Көп елді шарладың.
Түркістан, Сібірді,
Темірмен жалғадың.

Алатау бөктерінде,
Қол созып көкте күнге.
Жалықпай жазып шыққан,
Халқыңның өткенін де.

Қайырмасы

Ғылымды азық көрген,
Ғұлама сөзі десіп.
Қазақтың жазып берген,
Сан ғасыр шежіресін.

Қайырмасы


Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Осы автордың басқа өлеңдері