Өлең, жыр, ақындар

Қоштасайын өзіңмен күліп тұрып

  • 14.01.2022
  • 0
  • 0
  • 1466
Қоштасайын өзіңмен күліп тұрып,
Жанарымнан бір тұнық сыр ұқтырып.
Өкпелеймін несіне, бәлкім сені
Өзге бір жан жіберер ұмыттырып.
Өзге бір жан жіберер ұмыттырып,
Желіктіріп, сезімін жүз ұқтырып.
Ұмыттым деп жүргенде еске алармын,
Сағынышым кеудемді тіліп тұрып.
Аңдай алмай бояуын бір елестің,
Түсіне алмай бір сырды келеді ешкім.
Бәлкім, менің арманым өзге біреу,
Бәлкім, ғашық болғаным сен емесссің.
Таңдар атар аппақ бір үміті бар,
Десем-дағы бәрі де ұмытылар,
Сені қызбен көрсем мен қайтер едім,
Мені көрсең қайтер ең жігіті бар?
Қарсы алсам да өзіңсіз таңдарымды,
Ұқсамаймын мен қазір жанға мұңды.
Елемеймін ешқашан, керек болса,
Өзге қызды шығарып салғаныңды.
Өрлігіммен өзгені жасқап тұрып,
Жиын-тойда отырам сақ-сақ күліп.
Жасытудың орнына жүрегімді,
Жіберіпсің, әйтеуір, асқақ қылып.
Сынағына өмірдің төзбесе кім,
Бір жүректе қалады өзгеше мұң.
Дұрыс саған оралмау, мен әйтпесе
Сүйгенімді мұншалық сезбес едім.
Жанарымды ойлармен тұнық қылып,
Қас-қағымда есейтті-ау қылықты үміт.
Сезбей-ақ қой мендегі осы сәтті,
Қоштасайын өзіңмен күліп тұрып.



Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Бісміллә, сөз бастадым хақтағала

  • 0
  • 0

Бісміллә, сөз бастадым хақтағала,
Ақ қарға өлең жазды аппақ ана.
Әйелдің бар бақыты баласында,
Бұлбұлдың сайрар кезі бақта ғана.

Толық

Замандасқа сыр

  • 0
  • 0

Сізге айтамын сырымды, замандасым,
Самал шамдар тербетсе баған басын.
Аппақ сәуле қаптаған кеңістігім
Тоқтай қалып, бұрады маған басын.

Толық

Тыңдағаны арзан ән

  • 0
  • 0

Тыңдағаны арзан ән,
Талықсыған тар заман.
Жүрген кезде жағалап,
Құлататын жар жаман.

Толық