Қызыл көйлек етегін – Сайын Назарбекұлы

Бұл бетте «Қызыл көйлек етегін» атты Сайын Назарбекұлы жазған өлеңнің мәтіні толық жарияланған.

  • 07.06.2022
  • 0
  • 0
  • 997
Қызыл көйлек етегін
Жиектетіп ақпенен.
Сәулем қайда барасың?
Қол ұстасып жатпенен.
Қос бұрым мен қос етек
Ақын жанын тербейді.
Сағынышты қиялға
Сезімсіздер ермейді.
Сақ бол қалқам өтеді
Құмаршылық сот деген.
Ғашық сезім іздесең
Табылады тап менен.
Сонау көкте жұлдызға
Созсам қолым жетердей.
Бірақ сені аңсаумен
Бар ғұмырым өтерме-ей!?
Қызыл көйлек етегін
Жиектетіп ақпенен.
Кеткенің бе шынымен
Қол ұстасып жатпенен?


Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Осы автордың басқа өлеңдері