Құлпытастар альбомы – Сайын Назарбекұлы

Бұл бетте «Құлпытастар альбомы» атты Сайын Назарбекұлы жазған өлеңнің мәтіні толық жарияланған.

  • 07.06.2022
  • 0
  • 0
  • 939
(И. Тасмағамбетовке)

Таста жан бар, ерекше, заты нәзік,
Ол тарих аршитын батыл қазып.
"Құлпытас" деп ат қойып,
Иманғали, Ардақтапты алтынмен атын жазып.
Құлпытастар... бірі ата, бірі шеше,
Өмір сүрген жайраңдап күні кеше.
Елестейді көзіме бейнелері,
Құлағыма жетеді үні неше.
Отан еткен елімді, мекенімді,
Олар дағы қазақша екен үнді.
Құлпытастар қарайды баласынып,
Қайдан білсін алпыста екенімді.
Елемей ме, бұ қарттар баласынып,
Менсінбей ме, мәңгүртдегі, шаласынып.
Өздерінің жолы деп, өнері деп,
Жүргенімді білмейді-ау, аласұрып.
Білмесеңдер білмеңдер, жалынбадым,
Сезсең болды жүректе жалын барын.
Тас тұлғалар — бабам да, өнерім де,
Сіздерсіздер, тас тұлға табынарым.

Ақтау. 30.07.02.


Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Осы автордың басқа өлеңдері