Мезгіл жылдам өтетінін ойлама – Шәмшия Жұбатова

Бұл бетте «Мезгіл жылдам өтетінін ойлама» атты Шәмшия Жұбатова жазған өлеңнің мәтіні толық жарияланған.

  • 14.01.2022
  • 0
  • 0
  • 821
Мезгіл жылдам өтетінін ойлама,
Үскірік қыс жететінін ойлама.
Жастық шағың бір бұрылмай артына,
Мәңгілікке кететінін ойлама.
Бұлақ мәңгі ақпайтынын ойлама,
Шашты қырау қаптайтынын ойлама.
Өкпелетіп кеткен жанның қайтадан
Есігіңнен аттайтынын ойлама.
Бұл тірліктің жалғандығын ойлама,
Қанатыңның талғандығын ойлама.
Қара түннің биік тауды қаусырып,
Бауырына алғандығын ойлама.


Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Осы автордың басқа өлеңдері