Күзгі бақтан мені іздеп жүргеніңде – Шәмшия Жұбатова

Бұл бетте «Күзгі бақтан мені іздеп жүргеніңде» атты Шәмшия Жұбатова жазған өлеңнің мәтіні толық жарияланған.

  • 14.01.2022
  • 0
  • 0
  • 872
Күзгі бақтан мені іздеп жүргеніңде,
Махаббаттың жеткенін білмедің бе?
Жүрегің жапырақ боп ұшты маған
Октябрьдің ең соңғы күндерінде.
Қол ұстасып шаттықпен мүлде бірге,
Шешек атып тағы да гүлдедің бе?
Көктем қайта оралды екеумізге
Октябрьдің ең соңғы күндерінде.
Саған дейін мен өмір сүрмедім бе,
Сен де ояндың бір бақыт күлгенінде.
Біз кеттік, ал махаббат қалды мәңгі
Октябрьдің ең соңғы күндерінде.


Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Осы автордың басқа өлеңдері