«Ақжол» Қазақстан! – Сәкен Иманасов

Бұл бетте ««Ақжол» Қазақстан!» атты Сәкен Иманасов жазған отан туралы өлең берілген.

Ежелден арзан сөзге алданбаған,
Ел едік еркіндікті армандаған.
Қаншама заманалар өтті-кетті,
Өліп те, тіріліп те тал қармаған.

Қайырмасы:
Тәңірім жебеген,
Ел болдық егемен.
Тең болмай басқамен,
Кем болам неге мен.
Салтымыз, санамыз,
Сауықшыл даламыз.
Ақ жолмен, бақ жолмен,
Ертеңге барамыз.

Ел болдық егеменді, ергенелі,
Бар әлем енді өзіне тең көреді.
Сан ғасыр армандаған дербестікті,
Құдайым бір-ақ күнде берген еді.

Қайырмасы

Қаратпай орысқа да, түрікке де,
Талатпай бүлікке де, жүлікке де,
Бақытқа бастайтын бір жол табар деп,
Қарайды ел «Ақжол», саған үміттене.

Қайырмасы


Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Осы автордың басқа өлеңдері