Бір Аллаға сиындым – Сәкен Иманасов

Бұл бетте «Бір Аллаға сиындым» атты Сәкен Иманасов жазған өлеңнің мәтіні толық жарияланған.

Бұл дүние өтер-кетер қас қағым,
Асып-тасып, күпірлікке баспағын!
Ат мінсең де, тақ мінсең де, ағайын,
Бәрі жалған бір Алладан басқаның.

Қайырмасы:
Не жетеді жұрағат,
Нәпсіңізді тиғанға,
Құр қалдырмас Тәңірің
Құрметтен де, сыйдан да,
Бір Алланың сөзіне
Кәміл сеніп, илан да,
Болам десең, мұсылман
Арға жүгін, иманға!
А л л а һ у а к п а р !

Ағайынды, маңайыңды қадірле,
Қима бірін қиянатқа, жәбірге.
Көкірегің тұрады ылғи тазарып,
Шын көңілмен сиынсаңыз Тәңірге.

Қайырмасы

Бұл дүние бір орында тұрар ма,
Бәрі-бәрі жазулы тұр Құранда,
Жебей жүрсін періштелер әрдайым,
Демей жүрсін ар мен иман, бір Алла!

Қайырмасы


Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Осы автордың басқа өлеңдері