Өлең, жыр, ақындар

Тынышбаев туралы ән

  • admin
  • 01.09.2024
  • 0
  • 0
  • 543
Жүзгендей айдын көлде күміс қайық,
Ағайын кеудемізді тік ұстайық.
Осыны мұрат етіп кеткен кеше,
Кемеңгер Мұхаметжан Тынышбаев.

Қайырмасы:
Көсемі едің Алаштың,
Көк жиектен әрі астың.
Түйіскенде Түркісіб,
Тағдырмен таластың.

Ұлылармен рухтас,
Табаныңда күліп тас.
Тұршы осылай қасқайып,
Халқың Сені, ұмытпас!

«Елімен ортақ еді өз үлесі»,
Мұны да ұрпағыңның сөзі деші.
Тәңірі жиып-теріп бере салған,
Инженер, тарихшы, шежіреші.

Қайырмасы

Кешегі өзің сүйген айбатты елің,
Отыр ғой құшақ жая сайлап төрін.
Қайтадан ортамызға оралдың сен,
Қазақта қайта тумас Қайраткерім!

Қайырмасы



Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Ғашық болған жоқ шығармын

  • 0
  • 0

Ғашық болған жоқ шығармын,
кешір мені, қылықтым,
солқылдаған көк шынардың
саясында тынықтым.

Толық

Қуанышбай Құрманғалиға

  • 0
  • 0

Бақшасын басқалардың суарыспай,
бағың да жанбай жүр ме, Қуанышбай, –
біреулер анасының жатырынан
құдайдың кіндігінен туады ұстай!

Толық

Аңырақай

  • 0
  • 0

Аңырақай
Аңырақай – кешегі ел намысы,
Ел намысы, қалқаны, қорғанышы.
Сәкен Иманасов

Толық