Жұрт жүреді сыртымнан көп тон пішіп

Қазақша өлең мәтіні, өлең жолдары және толық нұсқасы.

  • 29.04.2020
  • 0
  • 0
  • 4820
Жұрт жүреді сыртымнан көп тон пішіп,
Сырт көз үшін кию керек оңды ішік.
Тәйке тұрған асығымды бүк дейді,
Алшы түскен сақам ылғи болды шік.

Ағайынға аласарып жақпаймын,
Қақпақылға түсіп кеткен доптаймын
Бойыма шақ жұмыстарды атқармай
Ойыма шақ емес сөзді оттаймын.

Қабағыма түскеннен соң қаяу мұң
Оңып кеткен сырмақтағы бояумын.
Көңілінен шығамын деп әркімнің
Өзімді өзім жоғалтуға таяумын...

Барам- келемін, Сенделіп келем-кетемін,
Не болса соған көңілді – елеңдетемін
Қадалма, қалам, қағазға кенедей болып,
Өле алмай жүріп, өңмендеп өлең не теңім?!

«Сырымды жұртқа жаюға» неге ынтығамын,
Желкемді қиып барады көген-тұмарым.
...Аранын ашқан ашқарақ көңіл-пешіме
Көмейі толып қалғанша өлең тығамын!


Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Жиі қойылатын сұрақтар

Жұрт жүреді сыртымнан көп тон пішіп өлеңінің авторы кім?

Жүрсін Ерман — осы өлеңнің авторы.

Жұрт жүреді сыртымнан көп тон пішіп өлеңінің толық мәтінін қайдан оқуға болады?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтінін онлайн оқуға болады.

Жұрт жүреді сыртымнан көп тон пішіп өлеңі не туралы?

Бұл өлеңде Жүрсін Ерман өз ойы мен сезімін көркем түрде жеткізеді.

Жұрт жүреді сыртымнан көп тон пішіп өлеңінен үзінді бар ма?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтіні мен шумақтары ұсынылған.

Осы автордың басқа өлеңдері