Өмір
- 0
- 0
Өмір, өмір, өмір деген – бір ғажайып бәйтерек,
Бәйтерекке түн де керек, күн де керек, ай керек.
Сол теректі паналаған балапансың сары ауыз,
Сол тер...
Бұл бетте «Монологтар» атты Жұмекен Нәжімеденов жазған өлеңнің мәтіні толық жарияланған.
Бұталар арасымен аңдып, аңдап
жүр, міне, ақ самайлы таң қылаңдап.
Көргенім ақ әженің шашы болды
оңаша тротуармен қаңғығанда.
Бетіңе талай шимай жатып ап жүр,
Кей сөздің қызыл көзі шатынап жүр.
Шынымды жазайын деп арлылар жүр,
ақылды сөз жазам деп ақымақ жүр.
Шуақ жүр жапыраққа тайғанақтап,
тайғандарды аласың қайдан ақтап.
Ал, қуаныш біраздан біле алмай жүр
қонарын қайсы бетке, қай қабаққа.
Ұйқым қайда, япыр-ау, ұйқым қайда,
ой сиқы жоқ ойдың да: қиқым, майда.
Кімге обал, мен кімге сый істедім,—
түсінбедім, темекімді иіскедім.
Кетіп жатты сары дала, кетіп жатты,
сұлы дәнін саршұнақ шекіп жатты.
Мына маңай не дейді-ай: қурай даусы
маңырағаны секілді жетім лақтың.
Ок
Күшті
Қарақат
Күшті
Қарақат
Монологтар өлеңі не туралы?
Омарова
Жұмекен Нәжімеденовтің «Монологтар» өлеңін оқып шығып, жүрегім толқып кетті! ❤️
Жұмекен ағаның лирикасы әрқашан осындай — қарапайым сөзбен үлкен философия айтады. Күрек ұстаған қолдың да, домбыра ұстаған қолдың да жат болмауы — нағыз қазақ жігітінің болмысы.
Қазіргі уақытта осындай таза, рухани өлеңдерді оқыған өте жақсы. Жастарға да, үлкендерге де ұсынамын. Жұмекен Нәжімеденовке үлкен алғыс! Bilim-all.kz сайтына рахмет, мұндай асыл мұраларды сақтап отырғаны үшін 😊