Бұл бетте «Көремісің, көз?» атты Жұмекен Нәжімеденов жазған өлеңнің мәтіні толық жарияланған.
Келеді ағып... жылдамдық еді қандай, көкжиекке біз қазір соғылардай. Терезеден айнала қарай-қарай, талай қырды қалыппыз абайламай.
... Көгіс тартып тұр безеріп қыр үсті, қоя аурудан айықпаған баладай. Кәрі шыңдар бір-біріне суысты, бір суық леп кезіп жүрді жағалай.
Жасыл түсті секілді нұр, арай да, жасып қалған секілді алап, маңай бар. Тастардан да сабыр қашқан тәрізді, Кәрінің де ақылы жоқ абайлар.
Хабарлама
INFO
- Азамат Төре
- Азамат Төре
- Азамат Төре
- Салтанат Айдарбекова
Барлық авторлар
Ілмек бойынша іздеу
Мақал-мәтелдер
Қазақша есімдердің тізімі