Көкпеңбек, жер де көк, көк те көк – Жұмекен Нәжімеденов

Бұл бетте «Көкпеңбек, жер де көк, көк те көк» атты Жұмекен Нәжімеденов жазған өлеңнің мәтіні толық жарияланған.

  • 04.05.2020
  • 0
  • 0
  • 3556
Көкпеңбек, жер де көк, көк те көк,
Көңілдің шыңынан қарғыды үн.
Табиғат анаға өкпе жоқ:
Бір түске бояпты барлығын.
Айнала жап-жасыл – жас бәрі
Сырымен, шуымен ұтады.
Кәрі емен қалтылдап бастары
Қостайды боз бала-бұтаны.
Өзге түс күтпей-ақ қой алдан,
Көк бояу күледі қулана.
Бар дүние жасылға боялған,
Мөлдірлікті ұстапты су ғана.


Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Осы автордың басқа өлеңдері