Тау төсі ақ көбік, ақ айран – Жұмекен Нәжімеденов

Бұл бетте «Тау төсі ақ көбік, ақ айран» атты Жұмекен Нәжімеденов жазған табиғат туралы өлең берілген.

  • 04.05.2020
  • 0
  • 0
  • 1921
Тау төсі ақ көбік, ақ айран –
Қара бұлт жалайды жата қап.
Аспанда жүзеді ол дақ болып қарайған,
Сол үшін бұлт деген атақ ап.
Кәрлі бұлт түнеріп қараса жан-жаққа,
Жарқын көл кеш дейді сүтіңді ақ,
Қарт шыңдар шыдамай қорғасын салмаққа
Майысар секілді сықырлап.
Тамшылар тамады – мөлдірлік,
Мөлдірлік дегеннің шарты бар.
Жасапты табиғат аспанды көлгір ғып,
Бұлтқа шытынып, күнге жарқырар...


Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Осы автордың басқа өлеңдері