Тамшы терді сығып алып денеден
Бұл бетте «Тамшы терді сығып алып денеден» атты Жұмекен Нәжімеденов жазған өлеңнің мәтіні толық жарияланған.
Тамшы терді сығып алып денеден,
жұлдыз қылып жағайыншы деген ем...
Оу, көк аспан тесіліпті-ау тегенең,
Тегенеңде құюлы екен көп өлең.
Алыс жақтан албырт сәуле себелеп
құйылып тұр, құйылып тұр не керек!
Жер ырысын бекіттік біз шамдармен
көшелерді қатар-қатар шегелеп!
Маужырап тұр, бүгін тыныш түн біздің,
тыныш түнде тұйық қызды күлгіздім.
Тыныштыққа денең балқып кетердей
сәулесімен араласып жүлдыздың.
Әр тірліктің түні мынау, күндізі –
Әр тірліктің жұлдыз болып күлді ізі.
Жұлдыз көп қой,
жұлдыз көп қой аспанда,
Одан да көп біздің жердің жұлдызы!
- Уильям Шекспир
- Лев Шестов
- Лев Шестов
- Лев Шестов
Барлық авторлар
Ілмек бойынша іздеу
Мақал-мәтелдер
Қазақша есімдердің тізімі