Өлең, жыр, ақындар

Түстегі есеп

Қазақша өлең мәтіні, өлең жолдары және толық нұсқасы.

  • 04.05.2020
  • 0
  • 0
  • 1255
Мұғалімдерім,
Кіреді кейде түсіме,
Жайнаған тудай,
Баяғы жап-жас пішінде,
Бала боп жүрем,
Құрбыларыммен асыр сап,
Ұядай ыстық,
Мектептің ескі ішінде.
Есепті таппай,
Алдында тұрам тақтаның,
Қып-қызыл болып,
Шымырлап төбе қақпағым...
Оянып кетіп,
Ойланып қалам,
Ойпырмай,
Оқушы ем жақсы,
Шешуін қалай таппадым!?
Бұл неткен есеп,
Көлденең тартқан сұрағын,
Өмірлік сауал
Сияқты көріп тұрамын,
Дәл тауып мәнін,
Беретін жауап түрім жоқ,
Өзіңіз айтып,
Жібермесеңіз мұғалім!


Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Жиі қойылатын сұрақтар

Түстегі есеп өлеңінің авторы кім?

Баянғали Әлімжанов — осы өлеңнің авторы.

Түстегі есеп өлеңінің толық мәтінін қайдан оқуға болады?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтінін онлайн оқуға болады.

Түстегі есеп өлеңі не туралы?

Бұл өлеңде Баянғали Әлімжанов өз ойы мен сезімін көркем түрде жеткізеді.

Түстегі есеп өлеңінен үзінді бар ма?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтіні мен шумақтары ұсынылған.

Осы автордың басқа өлеңдері