Арқасында задымның

Бұл бетте «Арқасында задымның» атты Қадыр Мырза Әли жазған өлеңнің мәтіні берілген. Өлең тексті, өлең жолдары және толық нұсқасы осы жерде жарияланған.

  • 01.05.2019
  • 0
  • 1
  • 1681
Арқасында задымның
Алдым талай қияны.
Бірақ бірдей
Атымның
Пайдасы мен зияны.
Керемет қой қыр жазы,
Көрші дейді біреулер.
Құлпытасқа жыр жазып
Берші дейді біреулер.
Керемет тау тастары,
Көрші дейді біреулер.
Тойымызды басқарып
Берші дейді біреулер.
Жыр айтысқа қызбенен
Түсші дейді біреулер.
Ертелі-кеш бізбенен
Ішші дейді біреулер.
Өз ұяңа кешігіп
Қайтшы дейді біреулер.
Мен туралы шешіліп
Айтшы дейді біреулер.
Бағасы бар малдың да,
Мақта дейді біреулер.
Әйелімнің алдында
Ақта дейді біреулер.
Қандай сыр бар сырғамда,
Білші дейді біреулер.
Жылағым кеп тұрғанда
Күлші дейді біреулер.
Қолдарына түспеуге
Тырысып ем,
Індетті.
Айтқандарын істеуге
Сияқтымын міндетті.
Сондай саяз болар ма
Санасыздың білігі.
Секілдімін оларға
Прокаттың мүлігі.
Анда-мұнда шақырып
Бермеген соң тыныштық,
Сабыр-төзім ақыры
Тасқа соқты қылышты.
Қоймай тіпті еркіме,
Кетті менің берекем...
Сұлу қыздың көркі де
Кейде өзіне сор екен!


Пікірлер (1)

Фатима

Өте керемет екен

Пікір қалдырыңыз

Жиі қойылатын сұрақтар

Арқасында задымның өлеңінің авторы кім?

Қадыр Мырза Әли — осы өлеңнің авторы.

Арқасында задымның өлеңінің толық мәтінін қайдан оқуға болады?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтінін және текст нұсқасын онлайн оқуға болады.

Арқасында задымның өлеңі не туралы?

Бұл өлеңде Қадыр Мырза Әли өз ойы мен сезімін көркем түрде жеткізеді.

Арқасында задымның өлеңінен үзінді бар ма?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтіні, шумақтары және өлең жолдары ұсынылған.

Осы автордың басқа өлеңдері