Армандар

Бұл бетте «Армандар» атты Баянғали Әлімжанов жазған өлеңнің мәтіні берілген. Өлең тексті, өлең жолдары және толық нұсқасы осы жерде жарияланған.

  • 04.05.2020
  • 0
  • 0
  • 1242
Тағдыр-ай, бізді
Тарыдай шашты жан-жаққа,
Жақыннан жырақ,
Ауылдан алыс аулаққа,
Бір құдай өзі
Құлына қуат бермесе,
Мүмкін бе жанның
Шыдауы батпан салмаққа?
Дауылдан ығып,
Ауылдан алыс ауғандар,
Қиядан асып,
Қиял мекенге барғандар,
Қайда ұшып кетті,
Гөй-гөйлер кейде көңілде,
Көкорай белде
Көмулі қалған армандар.


Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Жиі қойылатын сұрақтар

Армандар өлеңінің авторы кім?

Баянғали Әлімжанов — осы өлеңнің авторы.

Армандар өлеңінің толық мәтінін қайдан оқуға болады?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтінін және текст нұсқасын онлайн оқуға болады.

Армандар өлеңі не туралы?

Бұл өлеңде Баянғали Әлімжанов өз ойы мен сезімін көркем түрде жеткізеді.

Армандар өлеңінен үзінді бар ма?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтіні, шумақтары және өлең жолдары ұсынылған.

Осы автордың басқа өлеңдері