Орақ науқаны

Бұл бетте «Орақ науқаны» атты Ілияс Жансүгіров жазған өлеңнің мәтіні берілген. Өлең тексті, өлең жолдары және толық нұсқасы осы жерде жарияланған.

Күн шыжып, жалпақ егін кетті пісіп,
Ораққа жан жабырлап жатыр түсіп,
Қым-қиғаш қыруар жұрт орып жатыр,
Жел шықса, күн бұлттанса зәресі ұшып.
Шоқпардай cap тары тұр басын иіп,
Көрінбес ат құлағы тоғай биік.
Судырлап теңселеді, сұлу сұлы,
Сумаңдап сылдырлаған суды сүйіп.
Шалғыны шыңғырлатып жанып-жанып,
Жоңқабай жоңышқаға қалды салып.
«Әлінің кеуір қырған зүлперіндей»,
Үйіріп қырып-жойып кетгі жарып.
Аспаннан күн төгеді алтын сәуле,
Науқанға жер құртгаған қылып тәубе,
Ине іліп, күміс тізген жиде шамкес,
Үскі алып аулақ жүрлеп боп тұр әуре.
Бидай тұр өткір мұртын тікірейтіп,
Қонақ тұр шал жауырынын бүкірейтіп.
Сыланған бойжеткендей күнбағыстар
Кәмшетін шекесінде шекірейтіп.
Қозыдай қауын, қарбыз көгендегі,
Тай тұяқ алма күміс төбеңдегі,
Қол жайғыш бая қуып тақыс шалдың
Ұстады қойын, тонын шегелдегі.
Дүрдитіп інжу тағып доланасы,
Әлі бар шырмауықтың оралысы.
Суырып суыртпақты қаршылдата,
Жоқанның жоғарғы айтқан торы аласы.
Қоралы қоңыр қойдай орылған бау,
Қара жал жиылған бау, қырман қорсау.
Өзенге дамылдауға қаздар қайтты,
Қаңқылдап қатар түзеп, істеп жемсау.
Жоңқабай айтады ақыл Сүйеубекке:
- Ор, баула, айда, тасы, таңда, епте.
Жем байла, жауырын жаз, жаныңды ашыт,
Қоңырдың қолтық, қоңын толтыр етке.
Қырманның күндіз-түні басында бол,
Мал жейді, құс шоқиды, шықпа шетке.
Батаоқыр, той-томалаққа әуейленбе,
Күпілдеп көкпар көрсең қуып кетпе.
Әңгіме, әзіл, сияз, қымыз аулап,
Дау даулап, желбезекті желпеңдетпе.
Қылжақбас, қыдырыңды, жалқауларды,
Ашаңмен салып жібер басқа, көтке.
Науқанды төкпей-шашпай жинап алсаң,
Бермейсің ханға сәлем, бар дүрмекте.


Пікірлер (2)

Гаухартас

Маған Іляс Жансүгіров тын 5-6 шумақ тақпақтар керек

Қанат Б

«Орақ науқаны» атты Ілияс Жансүгіровтің өлеңін оқып, осы көркем шығарма туралы ойымды бөліскім келеді. Бұл өлең жазға арнап туған, егіннің пісіп, орақ науқанының қызу кезеңін бейнелеген, қазақ даласының еңбекқор, ұлттық салт‑дәстүріне толы атмосферасын жоғары поэтикалық тілмен жеткізеді.

Пікір қалдырыңыз

Жиі қойылатын сұрақтар

Орақ науқаны өлеңінің авторы кім?

Ілияс Жансүгіров — осы өлеңнің авторы.

Орақ науқаны өлеңінің толық мәтінін қайдан оқуға болады?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтінін және текст нұсқасын онлайн оқуға болады.

Орақ науқаны өлеңі не туралы?

Бұл өлеңде Ілияс Жансүгіров өз ойы мен сезімін көркем түрде жеткізеді.

Орақ науқаны өлеңінен үзінді бар ма?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтіні, шумақтары және өлең жолдары ұсынылған.

Осы автордың басқа өлеңдері