Жазықсыз жүрек, жас жүрек...
- 0
- 0
Байғұс қыз,
Балаң көңiл байғұс бала,
Қолыңмен жанып тұрған жайды ұстама!
Ұстама!
Бұл бетте «Туған өлке!» атты Бактыбаев Дидар Болатович жазған туған жер туралы өлең берілген.
Бактыбаев Дидар Болатович — осы өлеңнің авторы.
Бұл бетте өлеңнің толық мәтінін және текст нұсқасын онлайн оқуға болады.
Бұл шығарма туған жер туралы өлең ретінде танымал. Өлеңде автор өз ойын көркем түрде жеткізеді.
Бұл бетте өлеңнің толық мәтіні, шумақтары және өлең жолдары ұсынылған.
Байғұс қыз,
Балаң көңiл байғұс бала,
Қолыңмен жанып тұрған жайды ұстама!
Ұстама!
Қарағым, айналайын, бұраң белiм,
Қалайша сенi көрмей тынар көңiл?!
Алыстан ат арытып келгенiмде,
Алдымнан «ағатайлап» шығар ма едiң?
Кiм екен екеумiздi дуалаған,
Ит қосып «Итжеккенге» қуалаған?
Хат жазып Алла атынан ақ қағазға
Күпiр деп, күнəлi деп куəлаған?
Өзiңдi-өзiң несiне алдайсың?
Есi жоқтайсың, есi бардайсың.
Жат үйлiк болсам, жадыңнан шықпай,
Бақилық болсам, есiңе алғайсың.
«Ескi арықтан су ағар ылайланып,
Сырласайық екеумiз былай барып…»
Сабағынан сүзiлген Сəмбiталдай
Сағат сайын барасың шырайланып.
Жазмышыма жалғанда жанашырым,
Қайда жүрсiң мөлдiреп қарашығың?
Қара жолда қалғыған кезiм қанша
Қара көзге үймелеп қара шыбын…
- Абдраманов Арсланбек
- Абдраманов Арсланбек
- Абдраманов Арсланбек
- Абдраманов Арсланбек
Барлық авторлар
Ілмек бойынша іздеу
Мақал-мәтелдер
Қазақша есімдердің тізімі