Өмір шіркін-ай! – Баянғали Әлімжанов

Бұл бетте «Өмір шіркін-ай!» атты Баянғали Әлімжанов жазған өмір туралы өлең берілген. Өлең мәтіні, текст, өлең жолдары және толық нұсқасын осы жерден оқуға болады.

  • 05.05.2020
  • 0
  • 0
  • 2944
Таңғажайып дүние,
Таңғалдырып келесің.
Дүниеге кім ие,
Ойландырып келесің.

Қайырмасы:
Күн қадірін білейік,
Түн қадірін білейік,
Ойнап –күліп жүрейік,
Ойлап өмір сүрейік!
Ән қадірін білейік,
Сән қадірін білейік,
Дәм мен демнің барында,
Жанға бақыт тілейік!

Өткінші деп өмірді,
Өкінуге асықпа,
Өткен күнің – қас-қағым,
Келешегің қашықта!

Қайырмасы:

Көңілімнің күйі деп,
Өткен күнді қимадым,
Тәңірімнің сыйы деп,
Келер күнді сыйладым!

Қайырмасы:


Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Жиі қойылатын сұрақтар

Өмір шіркін-ай! өлеңінің авторы кім?

Баянғали Әлімжанов — осы өлеңнің авторы.

Өмір шіркін-ай! өлеңінің толық мәтінін қайдан оқуға болады?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтінін және текст нұсқасын онлайн оқуға болады.

Өмір шіркін-ай! өлеңі не туралы?

Бұл шығарма өмір туралы өлең ретінде танымал. Өлеңде автор өз ойын көркем түрде жеткізеді.

Өмір шіркін-ай! өлеңінен үзінді бар ма?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтіні, шумақтары және өлең жолдары ұсынылған.

Осы автордың басқа өлеңдері