Келші, қасыма – Баянғали Әлімжанов

Бұл бетте «Келші, қасыма» атты Баянғали Әлімжанов жазған өлеңнің мәтіні берілген. Өлең тексті, өлең жолдары және толық нұсқасы осы жерде жарияланған.

  • 05.05.2020
  • 0
  • 0
  • 2351
Кейде оттай лаулайсың,
Кейде суық қардайсың,
Ашып айтпай сырыңды,
Жұмбақтаудан танбайсың,
Кетем десем, көзіңнің,
Қиығымен арбайсың,
Мың құбылып түлкідей,
Айтшы, кімді алдайсың?!

Қайырмасы:
Қойшы құбылмай,
Келші, қасыма,
Әнін өмірдің,
Шырқа қосыла,
Қолым бір тисе,
Толқын шашыңа,
Бәлкім, бақ құсы,
Қонар басыңа?!

Нар жігітке паң сұлу,
Еркелеуін қоймайды,
Ерсілігін байқамай,
Өртеймін деп ойлайды,
Кім біледі, қолдағы,
Бақытымен ойнайды,
Қарға аунаған түлкіні
Қыран ілмей қоймайды!

Қайырмасы:


Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Жиі қойылатын сұрақтар

Келші, қасыма өлеңінің авторы кім?

Баянғали Әлімжанов — осы өлеңнің авторы.

Келші, қасыма өлеңінің толық мәтінін қайдан оқуға болады?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтінін және текст нұсқасын онлайн оқуға болады.

Келші, қасыма өлеңі не туралы?

Бұл өлеңде Баянғали Әлімжанов өз ойы мен сезімін көркем түрде жеткізеді.

Келші, қасыма өлеңінен үзінді бар ма?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтіні, шумақтары және өлең жолдары ұсынылған.

Осы автордың басқа өлеңдері