Бұл бетте «Маң-маң басқан, маң басқан» атты Сыпыра Сұрғалтайұлы жазған өлеңнің мәтіні толық жарияланған.
Маң-маң басқан, маң басқан,
Төрт аяғын тең басқан,
Шудаларын шаң басқан,
Өркештерін май басқан
Қара нарым бар еді,
Қара нарым жоғалтып,
Жоқтап келген жаушымын,
Іздеп келген ізшімін.
Еділдің қара сулары
Көпір салмай, сай болмас.
Қара нар келмей халқына,
Қаралы кеуілім жай болмас.
Оң жаққа құрған шымылдық
Тербелер ме екен тымықта,
Ботасын ерткен қара нар
Оралар ма екен жуықта?!
- Серік Қирабаев
- Мұхтар Әуезов
- Міржақып Дулатұлы
- Сәкен Сейфуллин
Барлық авторлар
Ілмек бойынша іздеу
Мақал-мәтелдер
Қазақша есімдердің тізімі