Тәрбиеші – Оразақын Асқар

Бұл бетте «Тәрбиеші» атты Оразақын Асқар жазған ұстаз туралы өлең берілген.

  • 31.05.2020
  • 0
  • 0
  • 14260
Бізге тәртіп үйреткен,
Ән салдырып, билеткен,
Таныстырған ең алғаш
Әріптермен, суретпен –
Тәрбиеші тәтеміз.

Бізге тұғғыш тақпақ та
Жалықпастан жаттатқан,
Түсіріп топ сынына,
Жақсымызды мақтаттан –
Тәрбиеші тәтеміз.

Доспен тату ойнауды,
Мерекені тойлауды,
Бойымызза сіңірген
Көптің қамын ойлауды –
Тәрбиеш тәтеміз.

Білуге біз құмармыз,
Мазаңда алған шығармыз,
Таза сәби жүректен
Қабылдаңыз мың алғыс,
Тәрбиеші тәтеміз.


Пікір қалдырыңыз

Пікірлер (0)

Осы автордың басқа өлеңдері