Бұл бетте «Омарташы» атты Оразақын Асқар жазған өлеңнің мәтіні толық жарияланған.
Кей жерлерде маса көп, Әдеттен тыс аса көп. Мазалайды ызыңдап, "Бір қарсылық жаса" деп.
Сары уайымға салынып, Төндірме ақыр заманды. Жақсылық алда барын ұқ, Негізі жаңа қаланды.
Шетелге кетсеңдер де бауыр басып, Құтты орын тепсендер де ауырласып, Атажұрт шақырады тұқымым деп, Құшағын байтақ дала, тауың да ашып.
Бұлтсыз ашық аспанымдай көк туым, Ту төрінен елге нұрын төкті күн. Ту төбемде қалықтады қырандай, Қуанбаған бір де қазақ жоқ бүгін.
Монғол, жоңғар арт-артынан қаптаған Кезде елімді қалмады жау шаппаған. Ойран болып Отырарым, Саураным, Сонда болдым шұбырынды ақ табан.
Өз тіліңсіз көрсең де өз күніңді, Өз тіліңсіз болсаң да асқан білімді. Өз халқыңа бола алмайсың азамат, Білмей тұрып туған ана тіліңді.
Хабарлама
INFO
- Азамат Төре(авторлық ой)
- Азамат Төре
- Рабиндранат Тагор
- Абдраманов Арсланбек
Барлық авторлар
Ілмек бойынша іздеу
Мақал-мәтелдер
Қазақша есімдердің тізімі