Бәсіре құлын
Бұл бетте «Бәсіре құлын» атты Оразақын Асқар жазған өлеңнің мәтіні толық жарияланған.
Торы құлын туғаннан
Болды менің бәсірем.
Кездерімде суарған
Тұрды сипап, қасып ем.
Байланған жоқ қазыққа,
Еркін асыр салады.
Құйындатып жазықта
Шауып-шауып алады.
Болса ұзар, түрі бар
Торы бие кісінер.
Құлын тоқтап, бұрылар,
«Қайт» дегенін түсінер.
Амал қанша, әзірше
Аяқтары жіңішке.
Ат болғанмен өзінше,
Жарамайды мініске.
- Бенедикт Спиноза
- Ясунари Кавабата
- Мұстафа Шоқай
- Абай Құнанбайұлы
Барлық авторлар
Ілмек бойынша іздеу
Мақал-мәтелдер
Қазақша есімдердің тізімі