Бейтарап жыр – Мұстафа Әуезов

Бұл бетте «Бейтарап жыр» атты Мұстафа Әуезов жазған поэзия туралы өлең берілген. Өлең мәтіні, текст, өлең жолдары және толық нұсқасын осы жерден оқуға болады.

Күрсініске толып қапты қара бақ,
Бақтардың да топырағы кезерген.
Көздеріңнің күлгеніне қарап-ақ,
Көңіліңнің күрсінгенін сезем мен.

Енді қайта қауышу жоқ, кеш жаным,
Түсініспеу - қоштасудан зор қайғы.
ЖАНАРЫҢНАН ТАМҒАН СЕНІҢ ЖАСТАРЫҢ,
БАҚЫТЫҢА ДӘЛЕЛ БОЛА АЛМАЙДЫ.

Қайғы әкелді Қаңтар айы биылғы,
Көп сынақты бастан кешкен мықты ару:
Шаттығына бөлер ме еді үйімді,
Сенің ғана жатырыңнан шыққан ұл.

Парыздарым, қарыздарым өтелмей,
Жүр ғой әлі,
Бақ таппадық тегі біз.
Аспан астын отқа орап кетердей,
Ішімдегі лаулап жатқан өкініш.

Бақыт үшін төлем жасап қайғы алам,
Бұл күндері көңілімде күн - сынық.
Бүгін сірә Нұрын шашпай Ай маған,
Жарты боп тұр, теріс қарап күрсініп...

《Екеуміз де мына әлемде бармыз》 деп,
Жұбанамын, таптырмайтын жақұт қыз.
Бір-ақ сәтке көрінсеңші жалғыз рет,
Екенімді ұмытайын- БАҚЫТСЫЗ...

28.05.2020 Мұстафа Әуезов


Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Жиі қойылатын сұрақтар

Бейтарап жыр өлеңінің авторы кім?

Мұстафа Әуезов — осы өлеңнің авторы.

Бейтарап жыр өлеңінің толық мәтінін қайдан оқуға болады?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтінін және текст нұсқасын онлайн оқуға болады.

Бейтарап жыр өлеңі не туралы?

Бұл шығарма поэзия туралы өлең ретінде танымал. Өлеңде автор өз ойын көркем түрде жеткізеді.

Бейтарап жыр өлеңінен үзінді бар ма?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтіні, шумақтары және өлең жолдары ұсынылған.

Ұқсас өлеңдер

Басқа да жазбалар