Ол осындай қыз
Бұл бетте «Ол осындай қыз» атты Бибіт Нұрмұхан жазған өлеңнің мәтіні толық жарияланған.
-
Bibit
- 30.06.2020
- 0
- 0
- 1721
Ол өзгеге ұқсамайтын өлеңім,
Ол өзгені керек етпес теңеуім.
Менің ғана бақ боп қонар басыма,
Сыр сымбатты қарапайым гөзелім.
Ол қайғырса әлем бірге жылайды,
Ол күлгенде ғалам оны тыңдайды.
Мұң торласа ғазиз жүзін, аяулы,
Көк аспанда көздің жасын бұлайды.
Анық басып әрбір жүрген қадамын,
Тура жолды шариғаттан табатын.
Қаза қылмай әрбір парыз намазды,
Шын ниетпен құлшылығын қылатын.
Мойымайтын келсе сынақ басына,
"Жасу" деген жуымайтын қасына.
Жаныныңда тазалығы ақ қардай,
Дақ түспеген әлі таза арына.
... Өзге жандар өгей үнмен тілдесер,
Менің жаным сол арумен үндесер.
Шын жүрекпен құлай сүйгем мен оны,
Сүйгенімді түсінетін кез келер.
- Рымғали Нұрғалиев
- Серік Қирабаев
- Мұхтар Әуезов
- Міржақып Дулатұлы
Барлық авторлар
Ілмек бойынша іздеу
Мақал-мәтелдер
Қазақша есімдердің тізімі