Найзағайлы, ай қабақты, от жалын – Жадыра Дәрібаева

Бұл бетте «Найзағайлы, ай қабақты, от жалын» атты Жадыра Дәрібаева жазған өлеңнің мәтіні берілген. Өлең тексті, өлең жолдары және толық нұсқасы осы жерде жарияланған.

  • 06.07.2020
  • 0
  • 0
  • 1648
Жарық дүние, кереметсің, керемет,
Сен де мені, мен секілді керек ет.
Күрең-күрең көбейттірмей күндерді,
Қуатың мен берекеңнен бере кет.
Сүмбіл көкке күнде жүрем ынтық боп,
Сезімдерім төгіледі мың шық боп,
Жалт-жұлт еткен ұшқын – әлем ішінде,
Тірі жанға тиер титтей қырсық жоқ.
Бәрі-бәрі жердің сілем төсінде,
Адамдығың ұшырасып кесірге,
Уыз таңмен оянасың уылжып,
Бүлінесің жетпей жатып бесінге.
Таңдай қағып, таңырқаудан басталған,
Нұрлы әлем, сені сүйіп қарсы алғам.
«Жеті қабат аспан үстін көрсем», – деп
Сәби көңіл қиялдаған, тамсанған.
Тазалық пен пәктік бар деп тек сонда,
Жүрсін деумен Тәңір салған ақ жолда.
Жақсылыққа баулып келем жақынды,
Түспесін деп сайтан құрған мың торға.
…Найзағайлы, ай қабақты, от жалын,
Білдім енді бұл дүниеде бақ барын,
Әрбір ізгі адам үшін хақ әлем
Көзін ілмей күресіп-ақ жатқанын!


Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Жиі қойылатын сұрақтар

Найзағайлы, ай қабақты, от жалын өлеңінің авторы кім?

Жадыра Дәрібаева — осы өлеңнің авторы.

Найзағайлы, ай қабақты, от жалын өлеңінің толық мәтінін қайдан оқуға болады?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтінін және текст нұсқасын онлайн оқуға болады.

Найзағайлы, ай қабақты, от жалын өлеңі не туралы?

Бұл өлеңде Жадыра Дәрібаева өз ойы мен сезімін көркем түрде жеткізеді.

Найзағайлы, ай қабақты, от жалын өлеңінен үзінді бар ма?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтіні, шумақтары және өлең жолдары ұсынылған.

Осы автордың басқа өлеңдері