Барыс-Келіс

Бұл бетте «Барыс-Келіс» атты Ертай Ашықбаев жазған өлеңнің мәтіні берілген. Өлең тексті, өлең жолдары және толық нұсқасы осы жерде жарияланған.

  • 07.07.2020
  • 0
  • 0
  • 1317
Желе жортып үстімен әз даламның,
Алматыға...
ай, былтыр...
жазда бардым,
Көңілімді шарпыды аздаған мұң.
Мына тұс —
мені талай өкпелеткен,
Ана тұста —
о, талай маздағанмын.
Бозбала күн —
секілді қайырмасы
ортақол композитор жазған әннің.
Мен —
өтемсіз өкілі мәз ғаламның.
Бишілері сүрмесін тауысыпты
Оркестрі ерекше назды алаңның,
О, қалайша жоғалта жаздағанмын!
Қанатына ілесіп құс-хабардың,
Алматыға...
ай, биыл...
қыста бардым,
Орындадым әр шартын нұсқамамның.
Тістегеннің аузында кеткенім жоқ,
Кеткенім жоқ қолында ұстағанның,
Жүрегімді аязбен тыстап алдым.
Көшелерде жүргенін көзім көрді
Талай-талай менен де күшті адамның.
Қонбаппын көптен бері Алатауға
О, неге сонша заман ұшпағанмын?!
Сонша заман көрмеппін мына бақты,
Мынау жылға қанша күн жылап ақты,
мені көріп мөлтеңдеп тұна қапты.
Құстар анау,
а, тағдыр,
бұларға да
менен өзге ешкім де ұнамапты.
Мына терек,
күтіп тұр,
құламапты.
Мен,
әрине,
ешкімді жылатпаймын,
Мен жасырдым баяғы мұрағатты,
Сөз сөйлеймін ақылды,
ұлағатты.
Бұл қаланы дәл мендей сүймейді ешкім,
Маған ешкім бермейді бұл алапты.
Алматыны болмайды ғайбаттауға,
Ол сыяды түп-түгел,
ай, мақтауға,
Хұқың жоқ жұбатпауға,
жайнатпауға.
Бізден қалған...
бір кезгі...
көп сауықтар,
әне,
кіріп барады сайрап бауға.
Қарт көшелер,
о, мейлі, сәл жасарсын,
Арыз айтып қайтеміз Айбат-Тауға,
Мен өзім де сәл қалдым тайғақтауға.
Мен —
сондай бір досымын Алматының,
О, мені де болмайды ғайбаттауға!


Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Жиі қойылатын сұрақтар

Барыс-Келіс өлеңінің авторы кім?

Ертай Ашықбаев — осы өлеңнің авторы.

Барыс-Келіс өлеңінің толық мәтінін қайдан оқуға болады?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтінін және текст нұсқасын онлайн оқуға болады.

Барыс-Келіс өлеңі не туралы?

Бұл өлеңде Ертай Ашықбаев өз ойы мен сезімін көркем түрде жеткізеді.

Барыс-Келіс өлеңінен үзінді бар ма?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтіні, шумақтары және өлең жолдары ұсынылған.

Осы автордың басқа өлеңдері