Астана. Желтоқсан. «Дипломат» қонақүйі –
Ертай Ашықбаев
Бұл бетте «Астана. Желтоқсан. «Дипломат» қонақүйі» атты Ертай Ашықбаев жазған өлеңнің мәтіні толық жарияланған.
Уақытша келгенмін, қонғанмын,
Ертең кетемін. Дайынмын.
Ақтөбеде де мен тоңғанмын,
Мен аязды танитын қайыңмын.
Иемін төсекке уақытша жайылған,
Өзгеріс енген жоқ кестеме.
Қыста жапырақ сұрай ма қайыңнан?..
Менен де сұрама ештеңе.
Мен деген уақытша тұрғынмын,
(Көңілім, беу, демал, аптықпа!)
Жоқ мұнда күлкісі баяғы құрбымның,
Әрине, жоқ бағзы шаттық та.
Ақ шамдал. Боз кілем. Сұр тұтқа.
Қабағын ашпайды кеш мүлде.
(Жас Бекжан, ешкімді пір тұтпа,
Қызықпа ешкімге!)
Мінеки, қайтуға бекінді
Қаншама уақытша келгендер.
Барлығы бақытты секілді,
...Сенбеңдер!
- Рымғали Нұрғалиев
- Серік Қирабаев
- Мұхтар Әуезов
- Міржақып Дулатұлы
Барлық авторлар
Ілмек бойынша іздеу
Мақал-мәтелдер
Қазақша есімдердің тізімі