Өлең, жыр, ақындар

Біз — түркілерміз

  • 10.07.2020
  • 0
  • 15
  • 167288
Біз - түркілерміз...
Біз - түркілерміз!
Көк аспандай жарқылдап, күркірерміз,
Көк аспанның бұлтындай сілкінерміз,
Көк бөріден туғанымыз рас болса,
Көк тәңірден қуат ап, бір түлерміз.
Кеудемізді билеген асқақ арман,
Тарихымыз дастан боп таста қалған,
Тірсегіміз тілінген кездерде де
Жан жүректі жерім жоқ жасқа малған.
Жұтып қойған ғасырлар өктем үнін,
Айға қарап ұлыған көк бөрімін.
Атқа мінсем кетемін аруақтанып,
Арасында желік бар ет-терінің.
Атқа мінсем кетемін айбаттанып,
Қылыш көрсем кетемін қайраттанып.
Ғасырлардың бетіне қалқып шыққан,
Біздің халық - бұ да бір қаймақ халық!
Намысымдай ешкімге таптатпаған,
Түркістанның күмбезі асқақтаған.
Бабаларым жатыр ғой бата беріп,
Аруақтар аманатын ақтап бағам.
Көк тәңірден көңілге нұр тілерміз,
Көк аспандай әлі де күркірерміз.
Көк бөрілі көк байрақ көкке шықса,
Қай дұшпанның алдында іркілерміз?
Біз - түркілерміз!
Біз - түркілерміз!!
Біз - түркілерміз!!!



Пікірлер (15)

Алмабек Әсет

Астана арман кала
Әсеткои жаксы бала
Рамина шашын түиген
Әсеткои бетинен сүиген❤

Айша

Біз - түркілерміз...
Біз - түркілерміз!

Абок

Рухтандырад

Абок

Мен қазақпын мың өліп,мың тірілген

Мураена

Окысандаршы, комент окымай

10"Ә" осыны окындар

Роза

Түрікпіз

Абылай

10г нестеватсындар

назерке

10 б жаттандар

Еркебұлан

10 жатаңдар

Арайлым

Супер

Бекзат

Біз - түркілерміз, Біз - түркілерміз!

Дидар

Жанама ауылы Самет дарын жатта

Даяна

51мектеп 10а ,10ә жаттандаар ????

Оооо

Ассаму әлейкум

Пікір қалдырыңыз

Туған тіліме

  • 0
  • 0

Етектегi тасыңды
өрге апарсам деп едiм,
есiктегi басыңды
төрге апарсам деп едiм,

Толық

Жетім бұрыш

  • 0
  • 0

Қорлықты мына кiм көрген:
Алматы толы - үйсiздер.
Үйсiз де күйсiз жүргенмен
Ұрпақтың қамын үнсiз жер.

Толық

9 - Мамыр

  • 0
  • 0

Көше бойлап,
көктеммен тыныстаған,
зағип кемпiр келедi
гүл ұстаған,

Толық

Қарап көріңіз