Жанартау

Бұл бетте «Жанартау» атты Ұлықбек Есдәулетов жазған өлеңнің мәтіні берілген. Өлең тексті, өлең жолдары және толық нұсқасы осы жерде жарияланған.

  • 11.07.2020
  • 0
  • 0
  • 1625
Не қажет қара басыма?
түкiрдiм-дағы түңiлдiм!
бiр қарап шаранасына
дүниеге келген жырымның,
барамын дар ағашына,
осыны бүгiн ұғындым.

Мен дағы асық иiргенмiн,
бала болғанмын икемдi,
айналып тасы диiрменнiң
ұнтады жүрек-жүйкемдi,
таңдырға басым иiлген күн -
iшiмде қасқыр ит өлдi.

Кеудеме қонар шау қарға,
көзiмдi шұқыр отырып,
от ойнап самарқау қанда
тұрармын сонда секiрiп! -
сенбеңдер жанартауларға
сөндiм дегенi - өтiрiк!..


Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Жиі қойылатын сұрақтар

Жанартау өлеңінің авторы кім?

Ұлықбек Есдәулетов — осы өлеңнің авторы.

Жанартау өлеңінің толық мәтінін қайдан оқуға болады?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтінін және текст нұсқасын онлайн оқуға болады.

Жанартау өлеңі не туралы?

Бұл өлеңде Ұлықбек Есдәулетов өз ойы мен сезімін көркем түрде жеткізеді.

Жанартау өлеңінен үзінді бар ма?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтіні, шумақтары және өлең жолдары ұсынылған.

Осы автордың басқа өлеңдері