Бала достар – Ұлықбек Есдәулетов

Бұл бетте «Бала достар» атты Ұлықбек Есдәулетов жазған өлеңнің мәтіні берілген. Өлең тексті, өлең жолдары және толық нұсқасы осы жерде жарияланған.

  • 11.07.2020
  • 0
  • 0
  • 2751
Сiлкiндiрiп Семейдiң жасыны жердi,
Құпия, жұмбақ өлiмдер ғасыры келдi.
Ауылда менiң бiрге өскен достарым аз,
Алтауы бiрдей асылып өлдi.

Оларсыз ауыл маған да бола ма мекен?
Ойран боп ойым, құлазып қалаға кетем.
Iзiмiз қалған Жасаң мен Шидiарық жақты
Қиялмен жалаңаяқ бiр аралап өтем.

Астархан қайда белсенер төбелес десе,
Иегi қышып тұратын ерегеспесе?
Жайырбек, Көке, Бақан мен Исатай, Марат...
Терең су көрсе сүңгитiн келе бәстесе.

Бұзықтығымыз кететiн ұлғайып кей күн,
Баудан бау қоймай жемiсiн ыңғай үптейтiн -
Батыкен қайда:
«Балалар, пiсiп қалыпты,
Бiздiң бақшаның қарбызын ұрлайық!» дейтiн.

Достарым қайда?
Кеудемнен бұрқылдап бiр ән,
Қиырда жүрiп ауылдан сыр тыңдап тұрам.
Сахалин жақтан хат жазып сұрапты Зәки:
«Түрмеге түскенi рас па,
жылқы ұрлап Құман?»

Жылдар да заулап өттi ғой небiр нөпiрлеп,
Зiл салмағынан қайыстым темiр көпiр боп.
Айқай салғым да келедi:
«Достардың орны
Түрмеде де емес
Жүректiң төрiнде тұр!» деп.


Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Жиі қойылатын сұрақтар

Бала достар өлеңінің авторы кім?

Ұлықбек Есдәулетов — осы өлеңнің авторы.

Бала достар өлеңінің толық мәтінін қайдан оқуға болады?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтінін және текст нұсқасын онлайн оқуға болады.

Бала достар өлеңі не туралы?

Бұл өлеңде Ұлықбек Есдәулетов өз ойы мен сезімін көркем түрде жеткізеді.

Бала достар өлеңінен үзінді бар ма?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтіні, шумақтары және өлең жолдары ұсынылған.

Осы автордың басқа өлеңдері