Анда барсаң – Иран-Ғайып

Бұл бетте «Анда барсаң» атты Иран-Ғайып жазған өлеңнің мәтіні берілген. Өлең тексті, өлең жолдары және толық нұсқасы осы жерде жарияланған.

  • 12.07.2020
  • 0
  • 0
  • 2031
Анда барсаң –
Иран-Ғайып налыған...
Мында келсең –
Иран-Ғайып арыған...
Неге налып,
Неден арып барады –
Жыр перзенті
Уызында жарыған?!
Неге?!
Неден
Сезім – суық,
Ой – тарын?!
Қыңыр тартпай,
Райымнан қайтайын –
Сырттағы жау
Іштен шықты демессің –
Жасырмайын,
Жан-сырымды айтайын:
Көремін де –
Бордай тозған Даламды,
Көремін де –
Жындай қозған Қаламды –
Зар илеймін...
О, Ел-Ана,
Жазғырма –
Рухани қарыны ашқан балаңды?!
Қара шашың Қуарғанын сеземін,
Ақ мамаңның
Суалғанын сеземін...
...Сезе-сезе –
Көзім жасы көл болып,
Өкпем өшіп,
Өртенеді өзегім!.


Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Жиі қойылатын сұрақтар

Анда барсаң өлеңінің авторы кім?

Иран-Ғайып — осы өлеңнің авторы.

Анда барсаң өлеңінің толық мәтінін қайдан оқуға болады?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтінін және текст нұсқасын онлайн оқуға болады.

Анда барсаң өлеңі не туралы?

Бұл өлеңде Иран-Ғайып өз ойы мен сезімін көркем түрде жеткізеді.

Анда барсаң өлеңінен үзінді бар ма?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтіні, шумақтары және өлең жолдары ұсынылған.

Осы автордың басқа өлеңдері

Басқа да жазбалар