Натюрморт – Маралтай Райымбекұлы

Бұл бетте «Натюрморт» атты Маралтай Райымбекұлы жазған өлеңнің мәтіні толық жарияланған.

  • 12.07.2020
  • 0
  • 0
  • 4289
Қалам қалған үстелінің үстінде,
Қағаз қалған үстелінің үстінде.
Шырақ әне, жағылмаған қалпында,
Құран міне, Құран — Құран қалпында!
Енді қайта батпастай боп Күн тұрды,
Батса қайта атпастай боп... бір түрлі.
Және бір тал сары гүл бар әдемі,
Гүл туралы айту жөн еді әуелі.
Кінәсі не қағаз бенен қаламның,
Түйіршігі тозаңданса ғаламның.
...айтпақшы, гүл құсқа айналған заматга,
Құран болса сүйеулі тұр Сағатқа.


Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Осы автордың басқа өлеңдері