Ай

Бұл бетте «Ай» атты Маралтай Райымбекұлы жазған өлеңнің мәтіні берілген. Өлең тексті, өлең жолдары және толық нұсқасы осы жерде жарияланған.

  • 12.07.2020
  • 0
  • 0
  • 4466
Түпсіз дүние,
түбің толса,
мен ертең,
Келмес жаққа жан сәулесін жөнелтем.
Ай толғанда күрсініп қап көкірек,
Сүрінгенде күрең түсті көлеңкем.
Мен — тірі жан,
ол тірі жан — тәні гүл,
Табысып ек, сәтсіз болды бәрібір.
Өз басымдай көруші ем ғой мен оны,
Көз жасымдай тамып кеткен сары нұр.
Ай толғанда басым байлап пәлеге,
Жан ауырып, жалғыз қалдым және де.
Толған Айдың толқынынан көрдің ғой,
Менің демім өрт шарпып тұр әуеге.
Мен сезбеген ішінде бір күнә қап,
Мазаңды алса пәк махаббат кінәлап,
Басымдағы Айға тигіз ерніңді,
Көктегі Айға мінәжат қып, мінәжат!...
Түн ортасы...
Түннің түріп түндігін,
Жұлдыз ақты. Анау жұлдыз кімдікі...
Түптің-түбі біз жолығар нүктеміз,
Көктегі Ай мен жердегі Айдың кіндігі.


Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Жиі қойылатын сұрақтар

Ай өлеңінің авторы кім?

Маралтай Райымбекұлы — осы өлеңнің авторы.

Ай өлеңінің толық мәтінін қайдан оқуға болады?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтінін және текст нұсқасын онлайн оқуға болады.

Ай өлеңі не туралы?

Бұл өлеңде Маралтай Райымбекұлы өз ойы мен сезімін көркем түрде жеткізеді.

Ай өлеңінен үзінді бар ма?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтіні, шумақтары және өлең жолдары ұсынылған.

Осы автордың басқа өлеңдері