Күз. Алматы

Қазақша өлең мәтіні, өлең жолдары және толық нұсқасы.

  • 12.07.2020
  • 0
  • 0
  • 2638
“Тек мен ғана түсінем бұл қаланы"
Есенғали

Мен секілді сағына ма түсінде,
Сезе алар ма әкімі әм тұрғыны.
Түсінгеннің бірге кетер ішінде,
Алматының бір мұңы бар, бір мұңы!
Күрең шашын, алтын сары кірпігін,
Бауырыма басып дел-сал реңін,
Бірге жамап жүрегінің жыртығын,
Көшесінде мең-зең болып жүремін.
Алматының аспанында бір мұң бар,
Кімдікі ол, соны білмей далмын мен.
О дүние мен бү дүниелік тұрғындар,
Сенікі ме әлде Аллам — алды кең?!
Алматының бір мұңы бар, бір мұңы,
Түсінгеннің бірге кетер ішінде.
Сезе алар ма әкімі әм тұрғыны,
Мен секілді сағынар ма түсінде! ?
Түсіндіре алмаса да өлеңім,
Күз де оған кінәлі емес тегінде.
Тек сол ғана біледі деп себебін,
Раушановтан сұрауым жөн менің не!
Алматының көшесінде арман жүр,
Күз келгенін ертең құстар сездірер.
Сонда айтылар, ал әзірге
қалған жыр —
Соры қалың жүрегіңді ездірер.


Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Жиі қойылатын сұрақтар

Күз. Алматы өлеңінің авторы кім?

Маралтай Райымбекұлы — осы өлеңнің авторы.

Күз. Алматы өлеңінің толық мәтінін қайдан оқуға болады?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтінін онлайн оқуға болады.

Күз. Алматы өлеңі не туралы?

Бұл өлеңде Маралтай Райымбекұлы өз ойы мен сезімін көркем түрде жеткізеді.

Күз. Алматы өлеңінен үзінді бар ма?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтіні мен шумақтары ұсынылған.

Осы автордың басқа өлеңдері