Шым-шытырық

Бұл бетте «Шым-шытырық» атты Ілияс Жансүгіров жазған өлеңнің мәтіні берілген. Өлең тексті, өлең жолдары және толық нұсқасы осы жерде жарияланған.

Алған - берген,
Қалған - өлген, шым - шытырық қу заман.
Жаулаған да,
Даулаған да, сұм құзғындай шулаған.
Бозбала аусар,
Ақылы жансар, қартаймастан алжиды.
Замғиды да,
Қан құйды да,
Алжиды да - шалжиды.
Биі әділсіз, Ер кәдірсіз,
Қыз да әзілсіз - біркелкі.
Досың күлсе,
Дұшпан үрсе,
Басып жүрсе - өз еркі.
Ащы көңіл, Тұщы өмір,
Төсек темір, бар ма дос?
Қайғы баптап,
Оңды шақтап,
Сырғанақтап - жүрмін бос.


Пікірлер (3)

Аяулым

Оте керемет

Балжан

сөз жоқ керемет

Жанылсын

Оте керемет. Тамаша

Пікір қалдырыңыз

Жиі қойылатын сұрақтар

Шым-шытырық өлеңінің авторы кім?

Ілияс Жансүгіров — осы өлеңнің авторы.

Шым-шытырық өлеңінің толық мәтінін қайдан оқуға болады?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтінін және текст нұсқасын онлайн оқуға болады.

Шым-шытырық өлеңі не туралы?

Бұл өлеңде Ілияс Жансүгіров өз ойы мен сезімін көркем түрде жеткізеді.

Шым-шытырық өлеңінен үзінді бар ма?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтіні, шумақтары және өлең жолдары ұсынылған.

Осы автордың басқа өлеңдері