Дала
Бұл бетте «Дала» атты Байбота Қошым-Ноғай жазған табиғат туралы өлең берілген.
Да-а-ла-а-а!
Омырауыңа гүл қадап алып,
шығардың қардан көктемдi сүйреп.
Жыр жазушы едiм жылғаға барып,
шабытты шақ та кеткен-дi сиреп.
Кемерден қарғын асып ағатын
көкпектi қырды сағындым ендi.
Шақырса сәуiр,
асығады ақын
қызғалдақ өрген сағымды белге.
Уа, дала!
Дала!
Домбыра далам,
келдiм мен орап жанымды жырға.
Тағы да шабыт қонды ма маған,
қайталап жатыр әнiмдi жылға.
Жазғытұрымның жыршы күндерi
бағбанның сұлу бағын ықтапты.
…Өрiктiң титтей бүршiгiндегi
көктемнiң иiсiн сағынып қаппын!..
- Рымғали Нұрғалиев
- Серік Қирабаев
- Мұхтар Әуезов
- Міржақып Дулатұлы
Барлық авторлар
Ілмек бойынша іздеу
Мақал-мәтелдер
Қазақша есімдердің тізімі